«Семей» Польшаның «Пяст» клубын жеңе алмады
«Семей» Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында өз алаңында Польшаның «Пяст» клубын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойынның 4-минутында Дедезиньо есеп ашты, үзіліске дейін командалар есепті өзгерте алмады.
Ал екінші таймда Камиль Герейханов (21-минут) қанжығасын майлады, кейін Дедезиньо дубль жасады. Осылайша, семейліктер өте қолайлы нәтижеге қол жеткізген еді.
Бірақ Тейшейра Друммонд Ланса есеп айырмасын қысқартып тастады, ал соңғы минутта Мартинс Граса таразы басын теңестірді. Осылайша, кездесу 3:3 есебімен аяқталды.
Енді қарымта матч 5 желтоқсанда Гливице қаласында өтеді. Оның нәтижесі бойынша турнирдің ширек финалына қатысатын команда анықталады, ол «Йорринг» (Дания) — «Этуаль» (Франция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Чемпиондар лигасы: «Андерлехт» — «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы