«Барыстың» бұрынғы шабуылшысы ҚХЛ клубымен келісімшарт жасасты

«Барыстың» бұрынғы шабуылшысы ҚХЛ клубымен келісімшарт жасасты

Толъяттилік «Лада» словакиялық шабуылшы Томаш Юрчо және канадалық Тайлер Граовацпен маусым соңына дейін біржақты келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Томаш Юрчо ҚХЛ-да «Барыс», «Авангард» және «Куньлунь Ред Стар» командаларында ойнаған. Ол 142 матч өткізіп, 88 (35+53) ұпай жинады. Словакия құрамасымен 2022 жылғы қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері, АХЛ-де екі мәрте Колдер кубогының иегері.

Тайлер Граовац ҚХЛ-да минскілік «Динамо», «Витязь», «Адмирал» және «Куньлунь Ред Стар» сапында 217 матчқа қатысып, 102 (45+57) ұпай еншілеген. Сондай-ақ ол ҰХЛ-да 84 матч өткізіп, 15 (12+3) ұпай жинаған.

Юрчо «Лада» сапында 98-нөмірмен, ал Граовац 94-нөмірмен өнер көрсетеді.

Қазақстандық хоккейші Канадада өткен матчта екі нәтижелі пас берді

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Металлургпен» келісімшартқа отырды

Қазақстандық хоккейшінің клубы Финляндия чемпионатында жеңіліп қалды

«Барыс» — «Салават Юлаев» матчы қалай өтті. Видео

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или