Қазақстандық таеквондошы Таиландтағы турнирде жүлдеге іліге алмады

Қазақстандық таеквондошы Таиландтағы турнирде жүлдеге іліге алмады

Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан Бангкокта (Таиланд) өткен Grand Prix Challenge сериясының ірі турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жарыста ұлттық құрама сапындағы ең үздік нәтижені Самирхон Абабакиров көрсетті. Ол 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетіп, оңтүстіккореялық Мун Хон Джинге жол берді.

Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық таеквондошы испаниялық Висента Юнтадан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, осы салмақта Дамир Шуленов пен Аманбол Бегімбетов те сынға түсті. Алайда екеуі де жүлдесіз қалды.

Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы үстел теннисінен қола медаль жеңіп алды

Қазақстан байдарка және каноэде ескек есу марафонында 5 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или