Үстел теннисі: Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы қола медаль еншіледі
Бүгін XXV-ші жазғы Сурдлимпиада ойындарында үстел теннисінен командалық бәсекеде Қазақстанның ерлер құрамасы қола медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыста ұлттық құрама командалық дисциплинадағы топтық кезеңде Колумбияны – 3:0, Польша құрамасын – 3:1 және ширек финалда Үндістанды 3:0 есебімен жеңіп шықты. Жартылай финалда Қытай командасымен кездесіп, 3:0 есебімен есе жіберіп алды. Жарыста алтын медальді Қытай командасы иеленсе, күміс жүлдені Тайбэй командасы еншіледі.
Командалық сайыста ұлттық құрама сапында Қанат Конкубаев, Данияр Ескендиров, Бижан Тулебаев және Бүркітбай Абылай өнер көрсетті.
Айта кетсек, XXV-шы жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан қоржынында 25 медаль бар. Оның ішінде 8 алтын, 4 күміс және 13 қола. Ойындар 15-26 қараша күндері Жапонияның Токио қаласында өтіп жатыр. Бұл – төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын есту қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы ең беделді халықаралық дода. Байрақты бәсекеде 81 елден келген 3 000-ға жуық спортшы 21 спорт түрі бойынша 209 дисциплинада жүлделерді сарапқа салды. Қазақстан құрамасынан 8 спорт түрінен 78 спортшы таныстырылды.
Қазақстан байдарка және каноэде ескек есу марафонында 5 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады