Шахматтан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енбеді

Шахматтан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енбеді

Испанияның Линарес қаласында әйелдер арасындағы шахматтан 2025 жылғы командалық әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың бас жүлдесін FIDE Team жеңіп алды, ал Қазақстан құрамасы 4-орынға ие болды. Финалда FIDE Team екі матчта да Әзербайжанды ұтып, чемпион атанды.

3-орын үшін матчта Қазақстан Қытайға 0–4 есебімен жол берді. Бірінші матчта Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева сәтсіз ойнады. Ал екінші матчта шахматшыларымыз өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай, матч қытайлықтардың пайдасына шешілді.

Айта кетейік, 18–23 қараша аралығында өткен чемпионатқа 12 команда қатысты.

Екі қазақстандық шахматшы жекелей сында жақыс нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді:

  • Меруерт Камалиденова — екінші тақта бойынша алтын жеңіп алды;
  • Эльназ Қалиахмет — алтыншы тақта бойынша алтын жеңіп алды.

Сонымен қатар Зарина Нұрғалиева (2310) бесінші тақтада қола медаль еншіледі.

FIDE сарапшылары Қазақстан құрамасының ойыны мен әлеуетін жоғары бағалап, Линарестегі тәжірибе алдағы ірі турнирлерде жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады

Александр Винокуровтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или