«Копенгаген» – «Қайрат» арасындағы ойында шотландиялық төрешілер қызмет етеді
Чемпиондар лигасының бесінші турындағы «Копенгаген» мен «Қайрат» арасындағы ойынға шотландиялық Ник Уолш бастаған төрешілер қазылық етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Бас төреші: Ник Уолш;
- Көмекшілері: Фрэнсис Конор, Даниэль Макфарлан;
- Төртінші төреші: Дональд Робертсон;
- VAR: Михаэль Салисбери (Англия), Роберт Шредер (Германия).
Алматылық клуб Чемпиондар лигасының бесінші турында «Копенгагенмен» болатын ойынға қатысу үшін Данияға жолға шықты.
Қос команда арасындағы ойын 26 қараша күні 22:45-те басталады. Матч Копенгаген қаласындағы «Паркен» стадионында өтеді.
Ғалымжан Кенжебекке қызығушылар саны артуда
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или