Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Гран-при финалына жолдама алды

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Гран-при финалына жолдама алды

Бүгін, 24 қараша Финляндия астанасы Хельсинкиде мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы биылғы Гран-при сериясының шешуші турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алты кезеңнің қорытындысы бойынша Гран-при финалына қатысатын алты мәнерлеп сырғанаушы анықталды. Михаил Шайдоров жалпы есепте 24 ұпай жинады. Осы нәтижемен ол бесінші орынға тұрақтап, шешуші кезеңге жолдама алды. 

Төменде финалға шыққан мәнерлеп сырғанаушылардың есімдері көрсетілген:

  • 1. Никита Малинин (АҚШ) - 30 ұпай;
  • 2. Юма Кагияма (Жапония) - 30 ұпай;
  • 3. Шун Сато (Жапония) - 28 ұпай;
  • 4. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 26 ұпай;
  • 5. Михаил Шайдоров (Қазақстан) - 24 ұпай;
  • 6. Дэниэль Грассль (Италия) - 20 ұпай.


Еске сала кетейік, Шайдоров қазан айында Қытайдың Чунцин қаласындағы Cup of China турнирінде қола (11 ұпай), ал бір апта бұрын АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен Гран-приде күміс жүлдеге (13 ұпай) қол жеткізді.

Осы маусымдағы Гран-при финалы 4-7 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтеді. Әйелдер арасында отандасымыз Софья Самоделкина жалпы есепте 13-сатыға (13 ұпай) тұрақтады.

Қазақстан байдарка және каноэде ескек есу марафонында 5 алтын медаль жеңіп алды

Аружан Сағындықова Мысырдағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті

Қазақстандық жас талант Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты

ATP рейтингі: Қазақстандық теннисші он бірінші орында қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или