Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытқан клубтар көбейді
Қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебекке Еуропаның қай клубтары қызығушылық білдіріп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазір қазақстандық футболшыға қызығушылық білдірген командалар қатарында Португалияның «Риу Аве», Чехияның «Виктория Пльзень», Грекияның «Олимпиакос» және ПАОК пен Шотландияның «Данди Юнайтед» клубтары бар.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2003 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Алматылық «Қайрат» академиясында тәлім алған. Ол үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2020 жылы аталған клубтан бастады. Одан кейін «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Жеңіс» (Астана), кипрлік «Акритас Хлоракас», словакиялық «Кошице» клубтарында доп тепті.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін 2024 жылы өткізді. Қазірге дейін алты ойынға қатысып бір голдың авторы атанды. Сондай-ақ ол еліміздің 17, 19, 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады.
Қазақстандық қақпашы Әзірбайжанда сәтті матч өткізді
Зайнутдиновтің командасы өз алаңында жеңіске жетті
Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатына іріктеу ойындарының кестесі жарияланды