ЧЛ: «Андерлехт» — «Қайрат». Тікелей трансляциясы
Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының бірінші ойыны қарашаның 24-іне 25-іне қараған түні өтеді, онда «Қайрат» Бельгияның «Андерлехт» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Андерлехт» - «Қайрат» матчының тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады және ойынды Qazsport арнасынан көруге болады.
Еске сала кетейік, «Қайрат» негізгі раундта алты ұпай жинап, 4-топта екінші орын алды. Алматылық клуб Хорватияның «Ново Вриеме» (3-2) және Косовоның «Пристина» (4-1) командаларын жеңіп, Португалияның «Спортинг» (2-7) командасына есе жіберді
. «Андерлехт» 1-топта ойнады, онда команда үш ұпаймен екінші орын алды. Бельгиялық клуб Литваның «Кауно Зальгирис» (4-0) командасын жеңіп, Польшаның «Пьяст» (1-2) және Испанияның «Картахена» (0-4) командаларынан жеңілді.
«Андерлехт» — «Қайрат» қарымта ойынын 5 желтоқсанда Алматыда өткізеді.
«Қайрат» ел біріншілігінде «Бәйтеректі» ұтты