Зайнутдиновке Шотландияның 55 дүркін чемпионы қызыққан

Зайнутдиновке Шотландияның 55 дүркін чемпионы қызыққан

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновтің алғашқы бапкері Рахмон Устабаев футболшының Еуропаның жоғары лигаларының біріне ауысуы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен Бактиердің жаңа деңгейде өзін көрсете алатынына сенімдімін. Ол ЦСКА сапында ойнап жүргенде шотландиялық «Глазго Рейнджерс» клубы оған қызығушылық танытқан болатын. Еуропадан қызығушылық әрқашан болады, бастысы дұрыс таңдау жасау қажет», - деді Устабаев.

Биыл Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубынан Мәскеудің «Динамосына» ауысты.

Айта кетейік, Шотландияның 55 дүркін чемпионы атанған «Глазго Рейнджерс» тағы бір тараздық Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып отыр.

Зайнутдиновтің командасы өз алаңында жеңіске жетті

Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатына іріктеу ойындарының кестесі жарияланды

Мақсат Байжанов «Қайсардың» спорт директоры қызметінен кетті



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или