Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирде жеңіске жетті

18 жастағы Әмір Омарханов өзінің мансабындағы ең маңызды жеңістерінің біріне қол жеткізді — Монастирде (Тунис) өткен ITF M15 санатындағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Әмір  өзімен қатарлас, неміс теннисшісі Макс Шонхаусты (ATP № 824) 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңіп, сенімді әрі толыққанды ойын көрсетті. Матч тартысты өтті, алайда шешуші сәттерде қазақстандық спортшы мінез танытып, басымдығын сақтап қала алды. Жол бойында ол турнирдің екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші ракеткаларын ұтып, трофейге жетті.

Айта кетейік, Шонхаус — ITF Juniors жүйесі бойынша әлемнің екінші ракеткасы және өткен аптада Тунисте өткен ITF M25 санатындағы турнирдің чемпионы атанған болатын.

Бұл титул Омархановтың кәсіби мансабындағы алғашқы жекелей трофейі болды. Ол Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі, алғашқы қадамдарын белгілі бапкер Петр Нестеровтың жетекшілігімен жасаған. Бүгінде Әмір әлемдегі ең мықты теннис мектептерінің бірі — Риккардо Пьятти академиясында шеберлігін шыңдауды жалғастырып жатыр.

Александр Бубликтің матчында сенсация тіркелді

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыстың ширек финалында сүрінді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или