Ел президенті Геннадий Головкинді жаңа қызметімен құттықтады

Ел президенті Геннадий Головкинді жаңа қызметімен құттықтады


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық бокс федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады.

"Бұл - Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Геннадий Головкин халықаралық спорт федерациясын басқаратын алғашқы қазақстандық атанды. Өкілеттік мерзімі - үш жыл.

World Boxing басшысын сайлау 23 қарашада осы спорт ұйымының Конгресінде өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или