«Реал» президенті Флорентино Перес «Барселона» дауына пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Флорентино Перестің айтуынша, каталон клубының бұрынғы төрешілер комитеті вице-президентіне жылдар бойы ірі ақша аударуы — футбол үшін түсініксіз жағдай.
Оның сөзінше, «Барселона» Хосе Мария Энрикес Негрейраға 17 жыл ішінде 8 миллион еуродан аса қаражат төлегені қалыпты нәрсе емес. Перес бұл кезең клубтың спорттық тұрғыдан ең табысты жылдарымен тұспа-тұс келгенін де атап өтті.