18 жастағы Әмір Омарханов Тунисте ITF M15 турнирінің чемпионы атанды
18 жастағы Әмір Омарханов мансабындағы ең маңызды жеңістерінің бірін тіркеп, Тунисте өткен ITF M15 санатындағы турнирде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда ол өзімен қатарлас германиялық Макс Шонхаусты (ATP №824) 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді. Үш сетке созылған тартыста Амир шешуші сәттерде мінез көрсетіп, артықшылығын уыстан шығармады. Жол-жөнекей ол турнирдің екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші ракеткаларын да жарыстан шығарды.
Айта кетейік, Шонхаус – ITF Juniors рейтингіндегі әлемнің екінші ракеткасы және өткен аптада Тунистегі ITF M25 турнирінің чемпионы атанған. Ал бұл трофей – Омархановтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеке титулы. Қарағанды теннис мектебінің түлегі алғашқы қадамдарын Петр Нестеровтың қолында бастаған, қазір Риккардо Пьятти академиясында шеберлігін шыңдап жүр.
Амир Омарханов ITF М15 турнирінің алғашқы финалына шықты
Қазақстандық жас теннисші Дубайдағы жарыстың финалына дейін жетті