«Барыс» - «Авангард». Матч алдындағы анонс

«Барыс» - «Авангард». Матч алдындағы анонс

Қараша айындағы соңғы өз алаңындағы ойында «Барыс» Шығыстың көшбасшыларының бірі «Авангардпен» кездеседі. Бұл ойынға екі команда да үш жеңістен тұратын сериямен келіп отыр. деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Омсктықтар өткен турда сырт алаңда «Ладаны» 3:0 есебімен жеңді. Гол авторлары Эндрю Потуральски, Михаил Котляревский және Дмитрий Рашевский. Андрей Мишуров қарсыластың қақпаға бағыттаған 23 соққысын тойтарды. Ги Буше жылдам соғылған голдың маңызын атап өтіп, ойыншылары жақсы қозғалыстың арқасында қажетсіз айыптардан аулақ болғанын айтты.

27 матчта «қырандар» 37 ұпай жинады. Константин Окулов (11+18) – қазіргі чемпионаттың үздік бомбардирлері мен ассистенттерінің бірі. Дамир Шарипзянов (8+17) маусымдағы ең нәтижелі қорғаушылар тізімінде көш бастап тұр. Жақында «Авангард» шабуылшы Ансель Галимовпен қоштасты.

«Барыс» жұма күні Астанада плей-офф жолындағы тікелей бәсекелесі «Салават Юлаевты» 2:1 есебімен ұтты. Джейк Масси мен капитан міндетін атқарған Әлихан Әсетов гол соқты. Тамирлан Гайтамиров пен Кирилл Панюков маусымдағы алғашқы нәтижелі пастарын жасады. Мэйсон Морелли 10 ассистке, Ансар Шайхмедденов 10 ұпайға (5+5) жетті. Адам Шил 22 соққыны тойтарып, қақпасын «құрғақ» ұстап шықты. Михаил Кравец команда жанкештілікпен ойнағанын айтып, бірақ ойын ырғағын бұзған қажетсіз айыптарға өкініш білдірді.

Қазақстандық ұжым қоржынында 29 кездесуден кейін 27 ұпай. Қорғаушы Райли Уолш (7+14) «Барыстың» ең нәтижелі ойыншысы болып қалады.

Маусымдағы «Барыс» пен «Авангард» арасындағы есеп әзірге тең. Командалар өз алаңдарында бір-бір мәрте жеңіске жетті – астаналықтар 6:2, омичтер 4:3 есебімен.

Матчтың басталуы Астана уақытымен 17:00.


«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Металлургпен» келісімшартқа отырды

Қазақстандық хоккейшінің клубы Финляндия чемпионатында жеңіліп қалды

«Барыс» — «Салават Юлаев» матчы қалай өтті. Видео

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или