Языджидың агенті – «Қайраттың» мүмкіндігі жайлы: «Олимпиакос» суық климатқа үйренбеген

Языджидың агенті – «Қайраттың» мүмкіндігі жайлы: «Олимпиакос» суық климатқа үйренбеген

Түркиялық футбол агенті Адем Чебеджи ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қайраттың» «Олимпиакосты» жеңуге мүмкіндігі бар екенін айтты. Оның клиенті Юсуф Языджи қазір дәл сол грекиялық клубта ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер біз шынымен де ұтуды қаласақ және «Олимпиакостың» тактикалық әлсіздіктерін пайдалансақ, жеңіске жетеміз. Сонымен қатар, қазір Астананың климаты суық, ал гректер бұған үйренбеген. Мен қазақ бауырларымызға осы матчта жеңіс тілеймін», – деді Чебеджи.

Чемпиондар лигасының алтыншы турының матчы 9 желтоқсанда «Астана Аренада» өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:30-да басталады.


Қазақстан әйелдер құрамасының әлем чемпионатына іріктеу ойындарының кестесі жарияланды

Мақсат Байжанов «Қайсардың» спорт директоры қызметінен кетті

2026 жылы Қазақстанда FIFA Series турнирінің матчтары өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или