АПЛ. «Манчестер Сити» «Ньюкаслға» есе жіберді
«Манчестер Сити» Англия Премьер-лигасының 12-ші турында «Ньюкаслдан» ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Пеп Гвардиоланың командасы 2-1 есебімен жеңілді. «Ньюкасл» 63-минутта Харви Барнстың голынан кейін есепте алға шықты. Рубен Диаш 68-минутта таразы басын теңестірді, бірақ екі минуттан кейін Барнс дубль авторы атанды.
«Ньюкасл» 15 ұпай жинап, Премьер-лига кестесінде 14-ші орынға көтерілді, ал 22 ұпаймен қалған «Манчестер Сити» үшінші орында қалды.
ПСЖ ойыншылардың жарақаттары бойынша мәлімдеме жасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или