«Ахмат» Самородовсыз РПЛ матчында «Рубиннен» ұтылды
Қазақстандық Максим Самородов ойнайтын «Ахмат» Ресей Премьер-лигасының 16-шы турында «Рубиннен» сырт алаңда жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазанда өткен матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
«Рубиннің» албаниялық шабуылшысы Мирлинд Даку 75-ші минутта жеңіс голын соқты.
Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» ойыншысы Максим Самородов матчқа қатысатын футболшылар тізіміне кірмеді.
23 жастағы шабуылшы биылғы маусымда Ресей Премьер-лигасында 15 матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Мақсат Байжанов «Қайсардың» спорт директоры қызметінен кетті
2026 жылы Қазақстанда FIFA Series турнирінің матчтары өтеді
Қазақстандық клуб Қырғызстан құрамасының капитанын қатарына қоспақ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или