Катардағы UFC турнирінің басты жекпе-жегінде Арман Цакурян жеңіске жетті
Армениялық файтер Арман Царукян Катардың Әл-Райян қаласында өткен UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде жаңа зеландиялық Дэн Хукерді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Царукян екінші раундта қарсыласын қылқындырып, жекпе-жекті өз пайдасына аяқтады.
29 жастағы Царукянның MMA-да қазір 23 жеңісі (қатарынан бес) және үш жеңілісі бар. 35 жастағы Хукердің 24 жеңісі және 13 жеңілісі бар.
Осы жекпе-жекке дейін Царукян UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші орында тұрды, ал Хукер алтыншы орында болды. Бұл салмақтағы чемпион -грузиялық Илья Топурия.
Асу Алмабаев Катардағы UFC турнирінде керемет камбэк жасады
Бекзат Алмахан Дохадағы жекпе-жекте ұпаймен ұтылды
«Сенімді жеңуі керек». ММА файтері Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі туралы пікір білдірді