Гарри Дохадағы жекпе-жекте Белал Мухаммедтен басым түсті
Ирландиялық UFC файтері Иан Гарри Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінің ко-мейн ивентінде америкалық Белал Мухаммедті жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
22 қараша күні өткен айқас үш раундқа созылып, Гарридің бірауызды шешіммен жеңісімен аяқталды. Жекпе-жек барысында ирландиялық спортшы қарсыласының көзіне екі рет саусағын тигізгенімен, рефери одан ұпай алып тастамады.
Бұл жеңіс Гарридің ММА-дегі 22 жекпе-жектің ішіндегі 21-табыс болды. Ал Белал Мухаммед үшін бұл — мансабындағы 30 кездесудің бесінші жеңілісі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или