Асу Алмабаев: «Бұл — біздің ортақ жеңіс»

Асу Алмабаев: «Бұл — біздің ортақ жеңіс»


Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (23-3) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде америкалық Алекс Пересті (25-10) жеңгеннен кейін әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен белбеуді күтіп жүрмін. Белбеу келсе — әрі қарай сөйлесеміз (күлді). Барлық отандастарыма, маған қолдау көрсеткен адамдарға алғыс айтамын. Бұл — біздің ортақ жеңіс», — деді Алмабаев.

Ол сондай-ақ UFC-дегі жолы мен алдағы жоспарларын да атап өтті: «Бір жарым жылда топ-7 қатарына кірдім, екі жылда жеті жекпе-жек өткіздім. Алда да айқасамыз, дайындаламыз. UFC-дің әр дивизионында екі-үш қазақстандық болса деймін. Өйткені біз соған лайықпыз!»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или