Оролбай Херманссонды бірінші раундта-ақ тоқтатты
Қырғызстандық файтер Мықтыбек Оролбай (14-2-1) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде жарқын жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оролбай жартылай орта салмақта швед Джек Херманссонмен (24-9) үш раундқа жоспарланған айқаста кездесті. Алайда жекпе-жек бірінші раундтың өзінде-ақ нокаутпен аяқталды.
Бұл жеңіс Оролбайдың кәсіби мансабындағы 15-табыс болды. Ал Херманссон ММА-дағы оныншы жеңілісін тіркеді. UFC-де қырғызстандық спортшы бес жекпе-жек өткізіп, төртеуінде жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или