Изагахмаев Дохада күтпеген жеңіліске ұшырады
Ресейлік файтер Сайгид Изагахмаев (22-2) Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде октагонға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол жартылай орта салмақта дат спортшысы Николас Дальбюмен (23-6-1) күш сынасты. Үш раундқа созылған айқас толық өтті және көпшілікті таңғалдырған нәтижемен — Дальбюдің раздельді шешіммен жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, жекпе-жекке дейін фаворит ретінде Изагахмаев саналған еді.
Осылайша Дальбю кәсіби мансабындағы 24-жеңісіне қол жеткізсе, Изагахмаев үшін бұл — үшінші жеңіліс.
Еске сала кетейік, бүгінгі турнирдің хедлайнерлері – армян спортшысы Арман Царукян (22-3) мен жаңа зеландиялық Дэн Хукер (24-12).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или