«Зұлпықар» үшінші раундта Пересті тұншықтырып жеңді

«Зұлпықар» үшінші раундта Пересті тұншықтырып жеңді

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Асу Алмабаев (22-3) UFC Fight Night турнирінде Катарда октагонға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алтыншы жұпта оған қарсы бұрын чемпиондыққа таласқан тәжірибелі америкалық Алекс Перес (25-9) тұрды.

Алғашқы раундта екі жақ та бастаманы тартысып, тең дәрежеде өтті — айқын басымдық байқалмады.

Екінші раундтың бірінші жартысында Перес бірнеше тейкдаунды оңай өткізіп, айқасты өз қолына ала бастады. Осы сәтте жекпе-жек судья шешімімен аяқталуы мүмкін деген ой туындады.

Алайда үшінші раундта «Зұлпықар» дәл өзіне тән мінез көрсетіп, жойқын камбэк жасады: Алмабаев қарсыласын стойкада қатаң гильотинаға түсіріп, жанкүйерлерді таңғалдырған жеңіске жетті.

Бұл — Асудың UFC-дегі жеті жекпе-жегінің алтыншысы.

Бекзат Алмахан Дохадағы жекпе-жекте ұпаймен ұтылды

«Сенімді жеңуі керек». ММА файтері Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или