ММА файтері Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі туралы пікір білдірді
Танымал қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов алдағы Асу Алмабаев пен америкалық Алекс Перес арасындағы жекпе-жек туралы Legalbet.kz сайтына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Асуды үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Алмабаев қарсыласынан жас әрі сергек. Сондықтан Асу сенімді түрде жеңуі керек. Менің ойымша, ол – фаворит», — деді «Найман».
Алмабаев (22–3) пен Перес (25–9) 22 қараша күні Дохада өтетін UFC Fight Night 265 турнирінде кездеседі.
Осы турнирде екінші қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан (12–2) Грузия өкілі Александре Топуриямен (6–1) күш сынасады.
Екі қазақстандық та алдын ала кардта өнер көрсетеді, кездесулер Астана уақытымен 21:00-ден кейін басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или