Қайратхаан Шонқу мен Рамазан Әбдрасіл Сурдлимпиада ойындарында күміс және қола медаль иеленді
Отандық балуандар Қайратхаан Шонқу мен Рамазан Әбдрасіл Сурдлимпиада ойындарында күміс және қола медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгін Сурдлимпиадада грек-рим күресінен бәсекеде Рамазан Әбдрасіл (97 кг) жұбаныш белдесуінде Арарат Саргсянды 13:5 есебімен жеңіп, қола медальге ие болды.
Сонымен қатар Қайратхаан Шонқу (130 кг) грек-рим күресінен финалдық белдесуде NDA (бейтарап ел) спортшысы Алексей Шемаровтан жеңіліп, күміс жүлдегері атанды.
Осыдан бұрын Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Андрей Самарин алтын медаль жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или