АПЛ-да жалақыға шектеу қойыла ма? Клубтар дауыс берді
Клубтар ағылшын Премьер-лигаcында (АПЛ) жалақыға шектеу енгізу туралы ұсынысқа қарсы дауыс берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сонымен бірге құрам шығындары коэффициентін (SCR, Squad Cost Ratio) енгізу ең төмен қажетті квотамен қолдау тапты.
BBC деректеріне сәйкес, АПЛ-да жалақы шегін белгілеу мәселесі бойынша дауыс беру кезінде жеті клуб «қолдап», 12 клуб «қарсы» болған, бір қатысушы қалыс қалған.
SCR бойынша дауыс беру нәтижесінде 14 «қолдау» дауысы жиналған. Бұл – жаңа ережені қабылдауға мүмкіндік берген шекті көрсеткіш. «Қарсы» болғандар – АПЛ-дың алты клубы.
Қабылданған жаңашылдыққа сәйкес, клубтардың құрамға жұмсайтын жалпы шығындары (ойыншылар мен жаттықтыру штабының жалақысы, сондай-ақ сатып алу төлемдері мен агенттердің комиссиялары) 2026/2027 маусымынан бастап клуб кірісінің 85 пайызымен шектеледі. Ал еурокубоктарда өнер көрсететін клубтар үшін бұл көрсеткіш УЕФА талаптарына сай кез келген жағдайда 70 пайыз болады.
ПСЖ ойыншылардың жарақаттары бойынша мәлімдеме жасады