«Арсенал» «Ювентустан» Кенан Йылдызды сатып алмақ
Лондондық «Арсенал» «Ювентус» клубының вингері Кенан Йылдызға қызығушылық танытып, оны сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Caught Offside мәліметінше, 20 жастағы футболшының агенті Жорже Мендеш Туринде ағылшын клубының өкілдерімен кездесіп, ойыншының трансферін талқылаған. Келісім сомасы 90–100 млн еуро көлемінде болуы мүмкін.
Бұған дейін Йылдызды «Манчестер Юнайтед» пен «Челси» клубтары да бақылап жүргені хабарланған. Түркиялық жартылай қорғаушының «Ювентуспен» келісімшарты 2029 жылғы 30 маусымға дейін күшінде.
Қазіргі маусымда Йылдыз туриндік клуб сапында 14 матчта үш гол және төрт нәтижелі паспен көзге түсті. Transfermarkt оны 75 млн еуро деп бағалайды.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің сегізінші турында «Арсенал» өз алаңында алматылық «Қайратпен» кездеседі.
ПСЖ ойыншылардың жарақаттары бойынша мәлімдеме жасады