Мақсат Байжанов «Қайсардың» спорт директоры қызметінен кетті
Қызылордалық «Қайсар» 41 жастағы қазақстандық маман Мақсат Байжановтың спорт директоры қызметінен кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мақсат Дүйсенбекұлына алғыс білдіреміз! Сыр футболының аңызы Мақсат Байжановтың «Қайсар» футбол клубына сіңірген еңбегі үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Оның спорт директоры ретіндегі еңбегі клуб тарихындағы ерекше кезеңнің бір бөлігі болды.
Соңғы үш жылда Мақсат Дүйсенбекұлы «Қайсардың» жаңа тынысын ашуға үлкен үлес қосты. Команданың жасақталуына, жүйелі жұмыстың қалыптасуына себепкер болды.
Клуб басшылығы Мақсат Дүйсенбекұлына «Қайсар» құрылымындағы лауазымды қызметтер ұсынып, бірге жұмыс істеуді жалғастыру ниетін білдірді. Бұл – оның тәжірибесіне, біліміне және азаматтығына деген үлкен құрметтің белгісі.
Мақсат Дүйсенбекұлы, алдағы бастамаларыңызға сәттілік тілейміз», – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
2026 жылы Қазақстанда FIFA Series турнирінің матчтары өтеді
«Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы командадан кетті
Дастан Сәтпаевтың шеберлігін шыңдаған бапкерлердің аты аталды