Қазақстандық спортшы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Андрей Самарин Токио Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Тартысты өткен финалдық белдесуде Алматы облысы Қарғалы ауылының 21 жастағы тумасы ирандық балуан Мехди Бакшиден 10:8 есебімен басым түсті.
Андрей Самарин 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы және 2024 жылғы Азия-Тынық мұхиты ойындарының чемпионы.
Оның жеңісімен Қазақстан құрамасының Сурдлимпиададағы медальдар саны 14-ке жетті: 7 алтын, 2 күміс және 5 қола.
Айта кетейік, Сурдлимпиада ойындары Токиода 15-26 қараша аралығында өтіп жатыр. Оған 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 8 спорт түрінен 78 спортшы қатысып жатыр.
Аружан Сағындықова Мысырдағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті
Қазақстандық жас талант Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты