Елордалық «Барыс» ҚХЛ матчында жеңіске жетті
Бүгін, 21 қарашада Құрлықтық хоккей лигасында кезекті матчтар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында астаналық «Барыс» өз айдынындағы серияны уфалық «Салават Юлаевқа» қарсы матчпен бастады.
Қонақтар алғаш болып есеп ашты. Алайда 15-минутта алаң иелері қарсылас аймағында әдемі комбинация ұйымдастырып, Джейк Масси есепті теңестірді – 1:1.
Екінші кезеңнің ортасында елордалықтардың капитаны Алихан Асетов көк сызық маңында шайбаны іліп алып, есепті ұлғайтты – 2:1.
Астаналықтар 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) есебімен жеңіске жетті.
Бұл «Барыстың» осы тұрақты маусымдағы қатарынан үшінші жеңісі.
«Ақжайық» допты хоккей клубы Ресей чемпионатына қатыспайтын болды
ҚХЛ: Қазақcтан құрамасының форварды «Металлургке» жеңіске жетуге көмектесті (видео)
Қазақстан чемпионатының матчында 9:1 есебімен ірі жеңіс тіркелді