ҚПЛ клубы Қырғызстан құрамасының капитанын қатарына қоспақ
«Тобыл» караколдық «Барса» клубының футболшысы, Қырғызстан U23 жастар құрамасының капитаны Саид Дациевке қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
Футболшы бұл ақпаратты растады.
«Тобыл» маған қызығушылық танытып отыр – бұл рас. Қазір бұдан көп нәрсе айта алмаймын, кешіріңіздер», – деді ойыншы.
22 жастағы Саид Дациев негізгі құрамда оң қаптал қорғанысында ойнайды, бірақ қорғаныс шебінің кез келген позициясында өнер көрсете алады. Бұған дейін «Дордой» және «Илбирс» клубтарында ойнаған. Қырғызстан-2025 Премьер-Лигасында 22 матчта 1 гол және 1 нәтижелі пас берген.
Transfermarkt футболшыны 200 мың еуроға бағалайп отыр.
2026 жылы Қазақстанда FIFA Series турнирінің матчтары өтеді
«Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы командадан кетті
Дастан Сәтпаевтың шеберлігін шыңдаған бапкерлердің аты аталды