Қазақстандық теннисші Дубайдағы жарыстың финалына дейін жетті

Қазақстандық теннисші Дубайдағы жарыстың финалына дейін жетті

Дубай қаласында (БАӘ) жасөспірімдер арасында ITF Juniors J60 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған додада 17 жастағы қазақстандық Иван Пономарев жұптық сында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.

Соңғы бәсекеде И.Пономарев өзбекстандық Ахмаджон Тошмухамедовпен бірге ресейліктер Никита Бердин — Даниил Ткаченкомен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-өзбекстандық тартысты матчта супер тай-брейкте ғана қарсыластарына есе жіберді — 2:6, 6:1, 8:10.

Финалдағы жеңіліске қарамастан, Иван үшін биылғы маусым табысты болды. Ол ITF Juniors жарыстарында екі титулды жеңіп алды. Оған қоса жұптық сында екі рет финалда өнер көрсетті.

И.Пономарев — Алматы қаласындағы Gorky Tennis Park теннис орталығының түлегі.

— Өтіп бара жатқан маусым мен үшін жарқын да пайдалы болды. Шеберлікті жетілдіруге болады, айқын мақсат бар. Тұрақты қолдау көрсетіп, маған сенген бапкерім, Беларусь өкілі Ярослав Шилоға риясыз алғысымды білдіремін. Қолдау-көмегін аямайтын ата-анама да мың алғыс, — деді ойыннан кейін И.Пономарев.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или