Чимаев октагонға қашан оралатынын айтты
31 жастағы жеңіліп көрмеген UFC чемпионы Хамзат Чимаев (БАӘ) промоушен аясындағы келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Октагонға қашан ораласың?
— Менің оралуым Рамазаннан кейін. Қазір аяққа шағын операция жасалды. Бір-екі апта жаттығудан алыстап, жараның жазылуын күтемін. Содан кейін Рамазаннан кейін дайындаламыз. Кімді берсе де, сонымен кездесемін, — деді Чимаев сұхбатында.
Чимаев солтүстікамерикалық лига тарихындағы кәсіпқой деңгейде жеңіліп көрмеген чемпион атанған 16-і файтер. Хамзаттың рекордынa 15 жеңіс бар, оның 12-сі уақытынан бұрын аяқталған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или