ПСЖ ойыншылардың жарақаттары бойынша мәлімдеме жасады

ПСЖ ойыншылардың жарақаттары бойынша мәлімдеме жасады

ПСЖ халықаралық үзілістен кейін жарақат алған ойыншылардың жағдайы туралы жаңартылған ақпарат жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, Лига 1 клубы сапындағы форвард Усман Дембеленің қалпына келудің соңғы кезеңінде. Ал қорғаушы Ашраф Хакими мен шабуылшы Дезире Дуэ жеке оңалту бағдарламалары бойынша жұмысын жалғастыруда. Ойыншылардың алаңға қашан оралатыны жөнінде ПСЖ ешқандай мәлімет берген жоқ.

Франция чемпионатындағы келесі матчты ПСЖ сенбі, 22 қараша күні өз алаңында Гавр командасына қарсы өткізеді. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или