Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
АТР рейтингісінде 1115-орындағы Ә.Омарханов ширек финалда әлемнің 847-ракеткасы, испаниялық, 23 жастағы Хорхе Планспен бетпе-бет келді
Екі сетте де 6:4, 6:4 есебі тіркеліп, Әмірдің пайдасына шешілді.
Әмір Омарханов финалға шығу үшін әлемнің 776-ракеткасы, германиялық, 18 жастағы Мика Петковичпен таласады.
Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF M15 жарысының ширек финалында тартысты матчта әлемнің 979-ракеткасы, нидерландылық Брайн Боземожуға есе жіберді – 6:7 (2:7), 1:6.
Дегенмен Заңғар осы додада ересектер арасында екі кездесуін жеңіспен аяқтап, АТР рейтингісінде алғашқы ұпайына қол жеткізді.
Әмір Омарханов Тунис турнирінің 1/4 финалына жолдама алды
Аружан Сағындықова Мысырдағы турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті
Қазақстандық жас талант Мысырдағы турнирдің ширек финалына шықты