Ризабек Айтмұхан Исламиада-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарыныңкүміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
97 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан ақтық сында ирандық Азарпира Амиралиге 0:5 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Ризабек ширек финалда әзербайжандық Магомедхан Магомедовты 12:2 есебімен ұтса, жартылай финалда Париж Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновты 15:3 есебімен жеңді.
Ал Нұрқожа Қайпанов қолаға таласта қырғызстандық Орозбек Токтомамбетовке есе (2:4) жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или