2026 жылы Қазақстанда FIFA Series турнирінің матчтары өтеді

2026 жылы Қазақстанда FIFA Series турнирінің матчтары өтеді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылдың наурыз және сәуір айларында өтетін FIFA Series жаңа халықаралық турнирдің жобасын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бұл жоба әлемнің әртүрлі құрлықтарындағы ерлер және әйелдер құрамаларын бір алаңға жинап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Турнирдің басты мақсаты – ұлттық құрамаларға басқа конфедерация командаларымен ойнауға жағдай жасап, футбол мәдениеттерін жақындастыру. 

FIFA Series алғаш рет 2024 жылы пилоттық форматта өткен болатын. Ал 2026 жылы турнир толық көлемде ұйымдастырылып, алғаш рет әйелдер құрамаларын да қамтиды.

Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы елдердің қатарына енді. Сонымен қатар Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан да матчтар өткізеді. Әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.

Турнирге қатысатын барлық елдердің толық тізімі 2026 жылдың басында жарияланады.

«Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы командадан кетті

Дастан Сәтпаевтың шеберлігін шыңдаған бапкерлердің аты аталды

«Ордабасы» қазақстандық футболшыларды қатарына қосқысы келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или