Кіші Александр Винокуров жаңа қызметке тағайындалды
Олимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Винокуровтың 23 жастағы ұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуровтың ұлы кіші Александр Винокуров XDS Astana Development Team командасының құрамында өнер көрсеткен және биылғы күзде жарақаттарына байланысты спорттық мансабын аяқтады.
Жас спортшы Халықаралық Велосипедшілер Одағының (UCI) оқу орталығында білім алып, емтиханды сәтті тапсырып, спорттық директор дипломын алды. Енді ол 2026 жылдан бастап командада спорттық директор көмекшісі ретінде қызмет етеді.
Оның міндетіне командаға дайындық үдерісінде қатысу, Әлемдік тур мен континенттік құрам бапкерлерімен бірлесе жұмыс істеу, жарыс стратегияларын талдау және команданың спорттық тиімділігін арттыру кіреді.
Қазақстандық семсерлесуші Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды
Qatar Open турнирінде қазақстандық таеквандошылар 11 жүлде жеңіп алды
Исламиада-2025: таеквондошы Бауыржан Хасенов күміс жүлдегер атанды