Жібек Құлымбетова Исламиада ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық спортшы Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ол финалда Асма Альхосанимен (БАӘ) кездесті.
Шешуші жекпе-жектің қорытындысы бойынша БАӘ өкілі жеңіске жетсе, Жібек жарысты екінші орынмен аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или