Нұрқожа Қайпанов Исламиада ойындарының қоласы үшін күреседі
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқожа Қайпанов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
74 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Нұрқожа ирандық Юнес Эмамичогаеиге есе жіберді. Белдесу 6:5 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Қайпанов қола медаль үшін күресетін болады. Қарсыласы – қырғызстандық Орозобек Токтомамбетов.
Айта кетейік, 2022 жылы өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында Нұрқожа турнирді 5-орынмен аяқтаған болатын .
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или