ҚХЛ: «Барыс» — «Салават Юлаев». Тікелей трансляция
Жұма, 21 қарашада Астананың «Барысы» командасы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты маусым матчында Уфаның «Салават Юлаевын» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыс» пен «Салават Юлаев» арасындағы матчтың тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.
«Барыс» 28 ойыннан кейін 25 ұпай жинады, «Салават Юлаев» 26 ойында 23 ұпай қоржынға салды. Соңғы ойында «Барыс» сырт алаңда «Сочиді» жеңді (қосымша уақытта 2-1), ал «Салават Юлаев» сырт алаңда Ярославльдің «Локомотивінен» жеңілді (қосымша уақытта 3-4).
Айта кету керек, «Барыс» ҚХЛ-дегі соңғы төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетті, ал «Салават Юлаев» соңғы төрт ойынның үшеуінде жеңіліс тапты.
IIHF хоккейшілерге мойынқорғау киюді міндеттеді