Жеңіл атлет Ирина Конищева Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық жеңіл атлет Ирина Конищева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-іне сілтеме жасап.
Отандасымыз жетісайыста үшінші нәтиже көрсетті.
Конищева барлық жеті бағдарлама қорытындысы бойынша 5270 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
5562 ұпай жинаған Иран өкілі Фатеме Мохитизаде алтын медаль алса, 5488 ұпай жинаған Өзбекстан спортшысы Угилой Норбоева күміске қол жеткізді.
Сурет: Нұрғали Жұмағазы
Қазақстан ушу құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарын бір медальмен аяқтады
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет қола медаль еншіледі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или