«Барселона» шабуылшысы Роналду мен Месси арасынан таңдау жасап жатыр
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски 2026 жылы командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Экрем Конурдың ақпараты бойынша, тәжірибелі форвардқа «Милан» мен «Фенербахче» қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар Левандовскидің жағдайын саудиялық «Әл-Наср» және америкалық «Интер Майами» бақылап жүр. Алайда ресми ұсыныстар әлі түскен жоқ, ал Левандовски қаңтар айында «Барселонадан» кетуді жоспарламайтыны атап өтілуде.
Осы маусымда 37 жастағы Левандовски барлық турнирде 12 матч өткізіп, жеті гол соқты. Шабуылшының каталониялық клубпен келісімшарты алдағы жазда аяқталады.
ӘЧ-2026 қосымша іріктеуіндегі қарсыластар белгілі болды
Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды
Тибо Куртуа әлемнің үздік үш қақпашысын атады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или