«Наполи» жартылай қорғаушысы Роналдудың 7 жыл бұрынғы рекордын жаңартты
Италиялық «Наполи» жартылай қорғаушысы Скотт Мактоминай Данияға қарсы матчта әлі ұзақ талқыланатын гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мактоминай акробатикалық секіріс жасап, допты қайшылап соғу арқылы гол авторы атанды. Бұл тек әдемі гол ғана емес, жаңа рекордқа лайық сәт болды. Себебі Мактоминайдың аяғы допқа 253 сантиметр биіктікте тиді, бұл 2018 жылдың сәуірінде 238 сантиметрге секіріп, баспен гол соққан Криштиану Роналдудың рекордынан 15 сантиметр жоғары.
Айта кетейік, Шотландия құрамасы 21-ғасырда алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
ӘЧ-2026 қосымша іріктеуіндегі қарсыластар белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или