Никита Михайлис «Металлургке» жеңіске жетуге көмектесті (видео)
Магнитогорскілік «Металлург» ҚХЛ чемпионаты аясындағы матчта екатеринбургтік «Автомобилистті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу бейсенбі күні Екатеринбургте өтіп, 5:4 есебімен (1:1, 1:0, 3:3) қонақтардың пайдасына аяқталды.
Жергілікті команданың құрамында Кертис Волк (10-минут), Александр Шаров (43-минут), Алексей Бывальцев (47-минут) және Артем Каштанов (60-минут) шайба соқты.
«Металлург» сапынан Михаил Федоров (16-минут), Робин Пресс (40-минут), Дерек Барак (44-минут), Роман Канцеров (53-минут) және Никита Михайлис (60-минут) көзге түсті.
«Металлург» 46 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде көш бастап тұр, ал «Автомобилист» 35 ұпаймен «Шығыстың» төртінші сатысында.
IIHF хоккейшілерге мойынқорғау киюді міндеттеді
Азия чемпионатында алғашқы шайбаны Қазақстан соқты
ҚХЛ: Үздік қақпашылардың рейтингі жарияланды