Бас бапкер қойған тактика бойынша жұмыс істедім - Эльмира Сыздықова

Бас бапкер қойған тактика бойынша жұмыс істедім - Эльмира Сыздықова

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз жарыстан кейінгі сұқбатында басты мақсаты жайлы айтты.

"Негізі, барлығы ойдағыдай өтті. Бас бапкер жарыс алдында жоспар құрған еді, сол жоспарға сәйкес жұмыс істедік.

Бұл қызбен бірінші рет кездесіп отырмыз. Бас бапкер қойған тактика бойынша дайындалдым. Тактикалық жағынан қол жұмысына басымдық беріп, қорғануды алдын ала жоспарладық.

Алда өтетін Қазақстан чемпионатында басты мақсатым - чемпион атану", - деді Эльмира.

Әйелдер күресі: Ирина Казюлина Ислам ойындарында үшінші орын алды

Исламиада-2025: балуан Зейнеп Баянова финалға өте алмады

Исламиада-2025: Қазақстандық балуан күміс жүлдегер атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или