«Динамо» жарақат алған Зайнутдиновтың жағдайы жайлы айтты

«Динамо» жарақат алған Зайнутдиновтың жағдайы жайлы айтты


Мәскеудің «Динамо» клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Ролан Гусев командадағы жарақат алған футболшылар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, бұл — футболдың қалыпты бөлігі. «Бізде жарақат алған ойыншылар тобы бар. Бұл — футболдың ажырамас бөлшегі. Бүгін жүктеме көп, қарқыны жоғары жаттығу болды. Жігіттер барынша ықыласпен, түсіністікпен қарады. Жұмысты жалғастырып, ойындарға дайындалып жатырмыз», — деді Гусев.

Глебовтың болмауына қатысты ол нақты мерзім айта алмайтынын жеткізді. «Қалпына келу уақыты бойынша нақты ақпаратты медицина штабынан сұраған дұрыс. Миранчукта жеңіл жарақат бар, Дани [Глебов] мен Баха [Зайнутдинов] та қатардан шыққан. Дәл қашан қайта қосылатынын медицина бөлімі айта алады», — деді бапкер.

Гусевтің командасы келесі матчын 23 қарашада Махачкала «Динамосына» қарсы өткізеді.

«Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы командадан кетті

Дастан Сәтпаевтың шеберлігін шыңдаған бапкерлердің аты аталды

«Ордабасы» қазақстандық футболшыларды қатарына қосқысы келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или