2026 Олимпиадасында мойынға қорғаныш тағу міндетті болады

2026 Олимпиадасында мойынға қорғаныш тағу міндетті болады


Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) 2026 жылғы Олимпиада ойындарында ұлттық құрамалар хоккейшілеріне мойынға қорғаныш киюді міндеттеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

IIHF өкілі BBC сайтына берген мәліметінде: «Мойынқорғау федерация ережелеріне сәйкес міндетті түрде қолданылады», — деп нақтылады.

Бұл шешім 2023 жылдың қазанында Ұлыбританияда болған қайғылы оқиғадан кейін қабылданған. «Шеффилд» пен «Ноттингем» командаларының арасындағы матчта 29 жастағы Адам Джонсон коньки жүзі мойнын кесіп кетіп, ауруханада көз жұмған еді.

2026 жылғы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Азия чемпионатында алғашқы шайбаны Қазақстан соқты

«Бейбарыс» - «Ертіс» матчының тікелей трансляциясы

ҚХЛ: Үздік қақпашылардың рейтингі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или