Тибо Куртуа әлемнің үздік үш қақпашысын атады
Мадридтік «Реал» қақпашысы Тибо Куртуа әлемнің үздік үш қақпашысын атады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Championat.com-ға сілтеме жасап.
Куртуа өзін үздік үштікке қоспады. 33 жастағы бельгиялық осы маусымда өз клубында 22 матч өткізіп, 20 гол жіберіп алған. Ол 10 ойында қақпасын таза ұстады.
— Өзіңізді әлемдегі ең үздік қақпашы санайсыз ба?
— Әрине, мен үздіктердің бірімін. Бірақ әркімнің өз талғамы бар, әркім өз пікірін айта алады. Мен клубқа көмектесуім керек.
— Үздік үш қақпашыны атаңыз.
— Мен өзімді қоспаймын. Ян Облак осы маусымда өте жоғары деңгейде ойнады. Алиссон жарақат алғанымен, маған қатты ұнайды. Давид Райя да қатты ұнайды, — деп келтіреді COPE интернет-басылымы.
Израильде 17 жастағы футболшы 99 жылға футболдан шеттетілді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или